Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін – Қасым-Жомарт Тоқаев

сурет el.kz сайтынан алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір мәселе – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті, бізге оның алдын алу қажет. Қазір Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр. Су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керек. Осы жұмыста ғылыми ұстанымды, инновацияны, халықаралық озық тәжірибені басшылыққа алған абзал. Біздің елде судың 65 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады. Соның 60 пайызға жуығы құмға сіңіп кетеді. Мұндай ысырапшылдыққа жол беруге болмайды.Жаңа тариф саясатына көшу қажет. Оны дереу қолға алмасақ, ахуал одан әрі күрделене түсетіні анық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сумен жабдықтау нысандарын және барлық су саласын цифрландыру зор маңызға ие екендігін атап өтті. Суару арналарын жаппай жаңғырту, гидиротехникалық құрылыстарды дербес басқаруға көшу, су ресурстарын пайдалануға квота енгізу, суды есепке алуды автоматтандыру керектігін тоқталды.

«Бұл мәселелердің барлығы сапалы нормативтік-құқықтық және заңнамалық қамтамасыз етуді талап етеді»,- деді Президент.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521