5 мыңға жуық қазақстандық шетелде дауыс берді

ОСК деректері бойынша 5 мыңға жуық қазақстандық шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берді. Бұл шетелдегі сайлаушылардың жалпы санының 42% құрайды. Республикадан тыс сайлаушылардың жалпы саны — 12 016 адам. Сондай-ақ, шетелде 11 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. 66 учаске жұмысын жалғастыруда. Шетелде дауыс беру барысы туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтып берді. "12 халықаралық ұйым мен 41 мемлекеттен 793 бақылаушы аккредиттелген. Олармен қатар сайлауды бақылауға 236 шетелдік журналист қатысады. Астана мен Алматыда барлық қажетті техникалық құралдармен жарақтандырылған халықаралық байқаушылар мен шетелдік журналистерге көмек көрсету орталықтары ашылды. Бүгін таңертең бақылаушылар өз спикерлерін брифингтер мен конференциялар режимінде ұсынады" деді Роман Василенко. Шетелде дауыс беру Сан-Францискода (АҚШ) 20 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 9:00-де аяқталады. Шетелде 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі орналасқан. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз