1023 АДАМ ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Бүгін Сағыз ауылындағы «Шұғыла» мәдениет үйінде орналасқан №155 сайлау учаскесінде аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына қайта сайлау өтуде.

№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша өтіп жатқан сайлауда үш кандидат бақ сынауда. Оның біреуін «Amanat» партиясы ұсынса, қалған екі кандидат өзін-өзі ұсынушылар. Әдеттегідей таңғы сағат жетіде мемлекеттік Әнұранмен ашылған сайлау учаскесіне ең алғашқылардың бірі болып Ақберен Омаров келіп өз таңдауын жасаса, үйден дауыс берген 87 жастағы қарт сайлаушы Сайфолла Қажен «Депутат деген жауапкершілігі зор міндет.

Сондықтан сайланған адам осы Сағыз ауылының мәселесін биік мінбелерде көтеріп, ел қалтқысыз қызмет етуі тиіс» деген тілегін жеткізді. Аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Мәншүк Мерғалиеваның айтуынша учаскеде барлығы 2277 сайлаушы тіркелген. Сағат түскі 14:00-ге дейін 814 сайлаушы өз таңдауын жасаса, 16:00-де 1023 тұрғын дауыс беріп үлгерген. Сайлау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT