Коронавирустан әлемде 6,2 млн адам қайтыс болды

Коронавирус инфекциясының пандемиясы басталғалы бері әлемде аталған індеттен 6,2 млн адам қайтыс болды.

ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирус инфекциясының тіркелген жағдайларының саны бүгінде 527 339 770 жетті. Қауіпті індеттен 6 283 025 адам қайтыс болды. Инфекцияның 20 миллионнан астам жағдайы анықталған елдер қатарына АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия және Ұлыбритания бар.

Коронавирусты жұқтырған және одан көз жұмғандар саны:

АҚШ - 83 706 662 және 1 003 743,

Үндістан - 43 144 820 және 524 525,

Бразилия - 30 851 191 және 666 261,

Франция - 29 605 798 және 149 095,

Германия - 26 198 811 және 138 779,

Ұлыбритания - 22 462 129 және 178 973.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз