Атыраулық полицейлер мас күйінде көлік тізгіндеген 558 мас жүргізушіні анықтаған

Автокөлікті мас күйде жүргізу жол жүрісіндегі ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі болып есептеледі. Себебі мас жүргізуші-ол қылмыскермен тең.

2021 жыл бастала салысымен Патрульдік полиция қызметкерлерімен мас күйінде көлік басқарған 18 жүргізуші жауапкершілікке тартылып үлгерді.

Мысалы, 13 қаңтар күні сағат 02:25 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Құрманғазы көшесінде орналасқан "Sinoil" жанар-жағармай бекетінің тұсынан "Toyota Land Cruiser” маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде автокөліктің  31 жастағы жүргізушісі медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша мас күйде екендігі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен аталған азамат 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылды.

Ал, өткен 2020 жылы полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 558 жүргізушіні жауапқа тартты. Олардың 11-і әйел жүргізушілер.

Аталған жүргізушілердің барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әрқайсысы 15-20 тәулік аралығында қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқықтарынан айырылса, бұрын мас күйде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан айырыла отырып, мас күйінде қайтадан көлік тізгіндеген 57 жүргізушіге ҚР ҚК-нің 346 бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика