Қыз алып қашу — ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін жабайы қылмыс — Мемлекет басшысы

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

    — Қыз алып қашу — адам ұрлау деген сөз. Бұл — ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел жабайы қылмыс. Мұндай қатыгездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп — бәріне ортақ, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс екенін атап өтті.

Бұған дейін Президент Шымкентте бойжеткеннің өліміне қатысты Бас прокуратураға тапсырма берді.

 https://kaz.inform.kz/news/kiz-alip-kashu-ultimizdin-bedelne-nuksan-keltretn-zhabayi-kilmis-memleket-basshisi-8e286e/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT