Атыраудағы әйелдер түрмесінде оқу жылы басталды

Атыраудағы әйелдер түрмесінде (УГ-157/11) орналасқан мектеп пен кәсіптік колледжде жаңа 2020-2021 оқу жылы басталды. 

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, УГ-157/11 мекемесінде (әйелдер колониясы) жазасын өтеуші   әйелдерге арналған орта білім беретін мектеп пен кәсіптік колледж 2009 жылдан бастап жұмыс жасайды.

- 2020-2021 жаңа оқу жылы қайта жаңғырып, Атырау облысы бойынша білім басқармасымен бірлесіп орта білім мектебі және кәсіпттік колледж есігін айқара ашты. Бүгінгі күні елімізде орын алып отырған COVID-19 пандемиясына байланысты оқу үрдісі кейсттік (қағаз жүзінде) режимінде орындалуда. Кәсіптік колледжде тігінші, аспаз, шаштараз, кондитер мамандықтары бойынша 50-ден астам студент, ал мектепте 10 оқушы білім алады. - Мекемеде жаза өтеу барысында сотталған азаматшалар уақыттарын босқа өткізбей, оны білім алуға жұмсап отыр. Мекемеде білім алып босатылған соң дипломмен жұмысқа орналасуға көмектесеміз, - деп атап өтті УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары Медет Аджикулов.

Айта өту керек, осында білім алып, бостандыққа шыққаннан кейін кәсіптерін дөңгелетіп отырған әйелдер де бар.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика