Атырауда полицейлер шанақ нөмірлері жалған көлікті анықтады

Өткен 2020 жылы Атырау облыстық полиция департаментіне 1949 жылғы қала тұрғыны арызданды.

Азаматша қайтыс болған жолдасының «Lexus LX» маркалы көлігін өз атына қайта ресімдегісі келген. Алайда, құжаттарды ресімдеу кезінде полиция қызметкерлерімен 2013 жылы Қызылорда облысында дәл сондай үлгідегі автокөлік тіркелгендігі анықталды.

Сондай-ақ, автокөліктерінің шанақ және қозғалтқыш нөмірлері де бірдей болып шықты.

img-20210209-wa0022

Азаматшаның айтуынша, олар автокөлікті 2006 жылы Алматы қаласынан сенімхат арқылы сатып алып, көлікті тұрғылықты мекен-жайы бойынша Атырау қаласында өз атына рәсімдеген.

img-20210209-wa0020

Қазіргі уақытта екінші автомобиль Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына тиесілі екендігі белгілі болды. Полиция қызметкерлері өз кезегінде ескертеді:

Құрметті азаматтар, автокөлік сатып алған кезде сақ болыңыздар!

Автокөліктеріңіздің VIN код, шанақ нөмірлерін техникалық паспортпен уәкілетті органда салыстырып, тексерту қажет.

Сондай-ақ, сатып алу кезінде сату шартын жасауды естен шығармаңыз!

Атырау қалалық Полиция басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521