Арланның ақылы

Бұл әңгімені жарсуаттық Сайын Бертілеуов ағамыздан естігенмін.  Әңгіме қасқырдың көршісіне қас қылмауы жайында.

Өткен ғасырдың қай жылдары екендігі белгісіз болғанмен әйтеуір, совхоздың кезі Тайсойған өңірінде «Қияқты» деген жайлауда Текес деген малшы совхоздың қойын бағып отырыпты. Жер атауы айтып тұрғандай қалың қияқтың арасында қасқырдың апаны болған. Әлгі қасқырдың қаншығы күшіктеріне әрлі-берлі өткен қойға тигізбей, жақындаса күшіктерін «тиме» дегендей талап, ескерту жасайтын көрінеді. Өсіп-жетілген бөлтіріктері бір күні отардағы  қозыға тісі батып, өлтіріп тастапты.      

Шопан оған мән берді ме, жоқ па белгісіз. Бірақ кейін отарының ішінде бір көк қозының жүргенін байқапты. Сөйтсе әлгі қасқыр қой орнына қой әкеліп қосқан көрінеді.

«Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деген осындайдан қалса керек.

Ж.АМАНТУРЛИН.

Индер ауданы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT