Аймақ басшысы азаматтарды онлайн қабылдады

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов облыс тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша онлайн форматта қабылдады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Кезекті қабылдауда өңір басшысына қала және аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдармен жүгінді.

Азаматтардың негізгі көтерген мәселелері: баспанамен қамту, денсаулық саласы мен құрылыс үшін жер бөлу сондай-ақ жұмысқа орналастыру бағытында болды. Олардың арыз-шағым, өтініштерін тыңдаған өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов алдымен мәселенің мән-жайын өзі анықтап, нақтылады. Сосын қала және аудан әкімдері мен тиісті сала және басқарма басшыларына оларды шұғыл әрі заң аясында шешу үшін тапсырма берді.

«Тұрғындардан келген әр өтініш маңызды. Әрбір көмек сұрай келген азаматтың арғы жағында отбасы мен тұрмыс-тіршілігі тұрғанын бір сәт есімізден шығармауымыз қажет. Сол себепті тиісті сала басшылары өтінім жасаған кез-келген атыраулықтың жағдайын жете түсіну керексіздер»,- деген Махамбет Досмұхамбетов жауапты тұлғаларға азаматтардың өтініштерінің реттелуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика