Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ауданымызда адал еңбек пен кәсіби шеберлікті дәріптеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда. Елдің тұрмыс-тіршілігінде маңызды орын алатын жұмысшы мамандықтарының бірі – аспаздық саласы.
Ауданымызда қоғамдық тамақтану орындарында, білім беру және әлеуметтік мекемелерде қызмет етіп жүрген білікті аспаздар күнделікті қажырлы еңбегімен тұрғындарға сапалы әрі қауіпсіз тағам ұсынуда. Олар өз ісіне деген жауапкершілігімен, тазалық пен тәртіпті сақтауы арқылы адал еңбектің жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
Сонымен қатар, тәжірибелі аспаздар жас мамандарды кәсіпке баулып, шеберлік сабақтарын өткізу арқылы кадр даярлау ісіне де үлес қосуда. Бұл өз кезегінде жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, жастарды еңбекке баулуға ықпал етуде.
Жұмысшы мамандықтар жылы – қарапайым еңбектің қадірін арттырып, маңдай термен жеткен табысты насихаттайтын маңызды кезең. Ауданымыздағы білікті аспаздардың еңбегі осының айқын дәлелі.
Дендер Ақпарат


