Республика күніне орай Мұхтар Шахановтың «Жайықпен жүздескенде» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті

Байқауға 14-35 жас аралығындағы 16 үміткер қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынасты.

 І кезеңде қатысушылар Мұхтар Шахановтың өзі таңдаған бір өлеңін оқыды. ІІ кезеңде ақынның өздері ұнатқан 8 өлеңін дайындап келіп, сайыс кезінде жеребе суыру арқылы таңдалған өлеңді мәнерлеп жатқа айтты. І,ІІ кезеңдерді бағалау қорытындысы бойынша, 5 үміткер ІІІ кезеңге жолдама алды. ІІІ кезеңде алдын ала ұсынылған «Әке үкімі» поэмасын жатқа біліп, кез келген бөлігінен ары қарай жалғастырып айтудан сынға түсті.

Байқау барысында мәдениет үйі жанындағы драма үйірмесі мүшелерінің қатысуымен поэзиялық композиция оқылды, сонымен қатар ақын сөзіне жазылған әндер де шырқалды.

М.Шахановтың қазақтың ұлттық мүддесін қорғау жолында жасаған ерліктері туралы мәлімет бейнеролик арқылы көрсетілді. ​Байқау қорытындысы бойынша үміткерлер жүлделі орындармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар жеңімпаздарға Мұхтар Шахановтың қолтаңбасы қойылған кітаптары табыс етілді. Дәстүр бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Қойшыбайұлының “Арнайы жүлдесін” Қылышбай Айшабибі иеленді. Бас жүлде - Берденов Жалғас Серікқалиұлы І орын - Сәндібекқызы Кәусар ІІ орын - Ізберген Меруерт Жақсыбекқызы ІІІ орын – Ізбасарова Диана Ізбасарқызы ІІІ орын - Мұқтар Индира Мұқтарқызына бұйырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521