Мерзімді баспасөз мезгілінде жетпейді

Расында да мерзімді басылымдар мезгілінен кешігетіні бүгін ғана көтерілген мәселе емес. Яғни газет-журналдардың уақтылы жетпеуі, тіпті, кейбірі иесін таппай жоғалып кететіні қоғам тарапынан жиі сынға ұшырап жүр.

Осыған орай Республикалық бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен "Қазпошта" АҚ-ның қазіргі жағдайдағы республикалық және аймақтық БАҚ- пен өзара іс- қимылын дамыту, мерзімді басылымдарды жеткізудің өзекті мәселелері" жөнінде почта өкілдерінің қатысуымен онлайн кездесу өтті.

Осы сәтті күтіп отырғандай еліміздің түкпір-түкпіріндегі бас редакторлар газеттің таралуы жөніндегі қордаланған мәселелерді жарыса жеткізді.

img-20210428-wa0037

Бүкіл пікір тоғысқан жиында "Қазпочта" АҚ өкілдері көтерілген жайға орай түсінік бере отырып, атқарылып жатқан жұмыстарын да баян етті. Сондай-ақ олқылықтардың орнын толтыру үшін алдағы уақытта жаңа жобаларды іске қосатындықтарын жеткізді.

Кездесуді клуб төрағасы Бибігүл Нұрғалиқызы қорытындылап, бір айдан соң осы мәселенің шешілу жолдары қаншалықты жолға қойыла бастағаны жөнінде қайта кездесу өтетінін қаперге берді.

Әрине әңгіменің түйіні ғұмыры бір күндік газеттің оқырманға жедел жетуі болды. Ол солай болуы керек те.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT