Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлттық құндылықтарымыздың бірі «Көрісу» күніне орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өткізілді.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Аудан ардагерлері мен әжелер ансамблі және көркемөнерпаздардың қатысуымен мерекелік театрландырылған көрініс ұйымдастырылған шарада қыз ұзату, ерулік, бата беру секілді құндылықтарымыз насиxатталып, ән мен күй шырқалды.
Өз тілшіміз
Индер ауданы.