ИЛЬЯ ЖАҚАНОВТЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

 Индер аудандық мәдениет үйінде Қазақстан және Қырғызстан Республикаларына еңбегі сіңген қайраткер, Халықаралық әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті академигі, Ұлттық музыка академиясының профессоры, композитор, жазушы, публицист Илья Жақановтың 85 жылдығына арналған «Бұлбұл әуез» атты шығармашылық кеш өтті.

Шараға аудан әкімі С.Өтеғұлов, Илья Жақанұлының жұбайы Тиыш Алтайқызы, белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР ақпарат саласының үздігі, «Атырау-Ақпарат» ЖШС Бас редакторының орынбасары И.Қ.Балмағамбетов және Шаймерден Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінің басшысы Т.Орынбасарұлы қатысып, мерейтой иесіне құттықтау лебіздерін жеткізді.

korermen

Сондай-ақ, іс-шара аясында аудандық орталықтандырылған кітапхана қорынан автордың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Айта кетейік, аталған кеште аудан өнераздары "Еділ мен Жайық", "Ағады Жайық, ағады", "Жайлаукөл кештері" сияқты қазақтың қасиетті жерлеріне ән арнаған композитордың көптеген әуезді әндерін орындады.

Аудан әкімі аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521