Атырау қаласында қазақтың ұлы ойшылы, ақын және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Хакім Абайдың ізімен» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме, поэзия кеші және өнерпаздардың концерттік бағдарламасы өтті. Қатысушылар Абайдың даналық сөздерін оқып, оның ұрпаққа қалдырған өнегелі мұрасын дәріптеді.
Шараның мақсаты – ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттау, жастарды ұлттық құндылықтарға баулу және Абайдың өнегелі өмір жолынан үлгі алу.