Туберкулез ауруы «өзекті мәселе» статусынан әзірге айрылған жоқ. Жұқпалы аурумен көп жағдайда 20-40 жас шамасындағы адамдар ауырады. Әрі ауру көзі де – ауыратын адамдар. Жұқтыру қаупі, әсіресе, тиісті желдетілмейтін және адамдар көп шоғырланған жерлерде аса жоғары.
Арнайы шеттету немесе қабылданбаған емсіз туберкулездің ашық түрімен ауыратын бір адам жылына 10-15 адамға ауруыг жұқтыруы мүмкін. Жеткіліксіз тамақтану, ауыр жұмыс, үсу, стрестік жағдайлар мен шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану туберкулездің тез дамуына ықпал етеді. Жөтел, кеуденің ауруы, әлсіреу, салмақ түсіру, дене қызуының көтерлуі, әсіресе, түнде терлеу-дерттің негізгі белгілері. Осы белгілерді есте сақтаңыз, оларды біліп жүріңіз, өзіңізді және өз туысқандарыңызды қорғап қалыңыз, өзіңіз қаралыңыз немесе туысқаныңызды емханаға жүгінуге жіберіңіз. Естеріңізге сала кетейік, аталған дертке қаралу тегін жүргізіледі. Уақтылы қойылған диагноз тиімді емнің жүргізілуіне себепкер болады.
Кез келген емханаға немесе туберкулезге қарсы диспансерге қаралған соң медициналық қызметкерлердің бақылауымен ем қабылдау, дәрігер нұсқауларының барлығын орындау маңызды.
С.Ғалымқызы,
АО СӨСҚФ маманы.