ЖАС ҒАЛЫМ БРУЦЕЛЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ДӘРІ ОЙЛАП ТАПТЫ

Елбасы Қорының трэвел-грантына ие болып, Қазақстан абыройын шет елдерде қорғап жүрген отандастарымыз бар.

Олар ғылыми зерттеулер жасап, технологиялық жаңалықтар ашу арқылы еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүр. Сондай дарындылардың бірі – ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Қайсар Табынов. Ол Тұңғыш Президент Қорының трэвел-грантын ұтып алып, Чикагода өткен ғылыми қызметкерлердің CRWAD жануарлардың ауруына арналған конференциясына қатысып, Conference of Research Workers in Animal Diseases (CRWAD) — 100 жылдық тарихы бар беделді ғылыми алаңда дүниежүзі ветеринарлары алдында ірі қара малдың бруцеллез ауруына қарсы жаңа екпесі туралы баяндады.

6

Баяндамада бұл аталған аурумен күресу үшін қолданылатын қазіргі препараттарды ауыстырып, бруцеллезбен күресті арттыруға арналған соңғы 20 жылда жасалып шығарылған жаңа вакцина туралы айтқан болатын. Қайсардың бұл жаңалығы биылғы жыл басында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінде тіркелген. Сондай-ақ ол бұдан бөлек Қазақстандағы құс және шошқа тұмауына қарсы вакцинаны да ойлап тапты.

Міне, өзге елде өз елінің атағын шығарып, жаңа дүниесімен көпті таңғалдырған Қайсардай жастарымыздың қатары көбейіп, мақтанышымызға айнала бергей.

«Дендер»-Ақпарат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT