Теңіз кеніші жұмысшылары арасында Covid —​ 19 инфекциясы ушығуда

 ​ Атырауда​ Covid —​ 19 инфекциясына шалдыққандар саны 104 адамға жетті деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдайды қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб. ​

Қауіпті індет табылғандар 1966, 1968, 1984, 1993 және 1995 жылы туған ер адамдар.​ ​ Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін​ жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олар зертханалық сынамалар алынған болатын.​ ​

Ал, алтыншы науқас 1997 жылғы қыз бала. Ол бұған дейінгі Атырау —​ Амстердам ​ рейсіндегі жолаушылармен байланыста болған.​ ​ Аталған азаматтарға жасалған ПЦР диагностикалық зерттеуінің нәтижесі коронавирус инфекциясын растады.​ ​ Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Барлығы дәрігерлік қатаң бақылауға алынды.​ ​ Ауру ошақтарында дезинфекция жасалуда.​ ​

25 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында​ 104 адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT