Облыста коронавирус жұқтырған 6 156 науқас тіркелген

Атырау облысы аумағында 27 наурыз бен 7 шілде аралығында симптомсыздарды қоса есептегенде COVID-19 расталған 6 156 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Нақтырақ айтқанда, ең көп коронавирус жұқтырғандар Жылыой ауданында. Мұнда қауіпті індетке шалдыққан 2 822 адам бар. Оның ішінде 2 063 жағдай Теңіз қалашығынан анықталды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өткен онлайн брифингте белгілі болды.

- Коронавирус жұқтырғандардың көбі 20 мен 60 жас аралығындағы азаматтар. Олардың ішінде 3 373 жағдай скрининг кезінде анықталды. Ал, 1 902 науқас дертке шалдыққандармен қарым-қатынаста болғандар. Қалғандарынан КВИ өз бетімен медициналық көмекке жүгіну кезінде белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта аудандық және ауылдық жерлерде той-томалақ пен жаназаға жиналғандар да вирустың таралуына әсерін тигізді, - дейді облыс әкімі.

Айта кетейік, бүгінгі күні облыста коронавирус жұқтырған барлығы 6 156 науқас тіркелген. Ал, 1 476 адам аталмыш дерттен жазылып шықты.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика