Листериоз ауруының алдын алу туралы мамандар кеңес береді

Листериоз – адамның, ауылшаруашылығы жануарларының және кеміргіштердің табиғи-ошақты жұқпалы ауруы.

Листериоздың қоздырғышы алғаш рет 1911 жылы анықталған.

Листериоз әлемнің барлық дерлік елдерінде кездеседі. 1980 жылдан бастап бұл ауру АҚШ-та, Канадада, Мексикада, Францияда және басқа елдерде азық-түлікті пайдаланумен байланысты адамдар арасында үлкен бұрқетпелердің тіркелуімен байланысты өзіне назар аударды.

2017-2018 жж. Оңтүстік Африка Республикасында 970-тен астам адам зардап шеккен листериоз ауруының  ірі бұрқетпесі болып, 2019 жылдың шілдесінен қыркүйек айына дейін Испанияда 222 расталған жағдаймен індет тіркелген.

Қазақстан Республикасында жыл сайын листериоздың ішінара жағдайлары тіркеледі.

Атырау облысының тұрғындары арасында листериоз алғаш рет 2002 жылы тіркелген. Жүкті әйел ауырған. Ем нәтижелі өтіп, әйел жазылып, сәтті босанған.

Табиғатта жұқпаның негізгі резервуары кеміргіштердің көптеген түрлері, негізінен тышқандар болып табылады. Сондай-ақ ауылшаруашылығы жануарлары да жұқпаның жиі көзі болуы мүмкін.

Листериоз қоздырғышы сыртқы ортада жоғары төзімді. Олар нәжісте, топырақта, дәндерде, мұзда ұзақ сақталады, тоңазытқыш температурасында (+4 - +6оС)  көбейе алады, қыздырғанда, дезинфекциялаушы заттардың әсерінен тез өледі.

Жұқпаның берілу жолдары – алиментарлы, су, байланыс (етті жіліктеу және теріні өңдеу кезінде) арқылы, аэрогенді және трасмиссивті, сондай-ақ плацентарлы (ауру анадан ұрыққа).

Аурудың инкубациялық кезеңі 3-тен 45 күнге дейін созылады.

Листериялар адам ағзасына асқазан-ішек жолдары, тыныс алу мүшелері, шырышты қабаттар, зақымдалған тері және плацента арқылы енеді.

Ауру клиникалық көріністің полиморфизмімен – жеңіл, жасырын түрінен ауыр тонзиллитке, сепсиске, менингитке, менингоэнцефалитке және басқаларға дейін, ал жүкті әйелдерде – түсік тастау, өлі туу, ұрықтың дамуының әртүрлі аномалиялары, жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларда өлім-жітім жоғары ауыр ағыммен (20-25%) сипатталады.

Листериозды жұқтыру қаупі бар ең қауіпті контингенттер – жүкті әйелдер, жаңа туған нәрестелер, қарттар және иммунтапшылығы бар адамдар.

Аурудың негізгі қаупі адамның иммундық қорғанысының төмендеуімен листериоздың созылмалы түрге өтуі қаупіне негізделген. Листериоз әсіресе жүкті әйелдер үшін қауіпті, себебі ол түсік түсіруге немесе өлі тууға әкелуі мүмкін.

Ерте кезеңдерінде анықталған листериозды емдеуге болады.

Листериоздың алдын алу үшін әрбір адам жеке гигиена және қауіпсіз тағам дайындау ережелерін сақтауы керек. Тамақ өнімдерінде листериоз пастерлеу және термиялық өңдеу арқылы жойылады. Сондықтан шикі немесе жеткіліксіз термиялық өңдеуден өткен сүт және ет өнімдерін, салқын ысталған балық өнімдерін жеуге болмайды. Жануарларды күту кезінде барлық сақтық шараларын сақтау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және жануарлармен байланыста болғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу қажет.

Ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңай екенін есте ұстаған маңызды !

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521