Индерде 5 адам ауыр халде

Индер ауданында індет жұқтырғандар әлі де азаймай, қайта өршіп отыр.

Индер аудандық санитариялық-эпедемиологиялық бақылау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Гүлжан Уразалиевадан білгеніміздей, осы аптаның сейсенбісі – Құрбан айт күні ғана аты жаман дертті жұқтырған 21 жағдай тіркелген. Оның 19- дерттің симптомды түріне жатады. Келесі сәрсенбі күні де 14 аурудың 12 симптомды түріне шалдығыпты.

Өкінішке орай өткен екі күнде де арамыздағы бір-бір адамның өмірін қиыпты. Ал қазір аудандық ауруханада 40 адам емделіп жатса, оның 5-еуі ауыр халде екен.

Жалпы Индер ауданы бойынша биылғы жылы 465 адам індет жұқтырып, 313 симптомды түріне шалынған. 9 адам осы індеттің зардабынан өмірден озған...

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521