Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысына келді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлердің эпидемиологиялық жағдайымен және коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындығымен танысу мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.

Жедел кеңесте Атырау облысының әкімі өңірдің COVID-19 екінші толқынына дайындығы туралы баяндады.

Кеңес қорытындысы бойынша Е. Тоғжанов өңір басшылығына эпидемиологиялық ахуалды, халықты және медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, сондай-ақ ӨЖЖ аппараттарымен және оттегі концентраторларымен қамтамасыз етілу мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшылығына карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

eraly

Жұмыс сапарының барысында вице-премьер 200 төсек-орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысының барысымен танысты, облысты дәрі-дәрмекпен қамтудағы тұрақтандыру қорына және аймақтың дәріхана желілеріне 42 атау бойынша дәрілік заттарды жеткізетін «Іңкәр» ЖШС қоймасына барды. Сондай-ақ, вице-премьер Атырау қаласының №4 емханасында болды.

Бүгінгі күні өңірде бірінші болып келушілердің температурасын автоматты түрде өлшейтін роботты іске қосқан емханада 343 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Е.Тоғжанов өңірде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан алты жолақты автожолдың құрылыс жұмыстарының сапасымен және 600 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.

 

Дереккөз: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика