COVID-19: Бір тәулікте облыста 2 500 тұрғын вакциналанды

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

27 сәуірдегі деректер бойынша 2 492 жергілікті тұрғын "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентін алды. Оның ішінде, 100 медицина қызметкері, 141 педагог, 57 полиция қызметкері, 30 студент, 6 жабық әлеуметтік мекеме қызметкері, 11 құқық қорғау органдарының қызметкері, 70 мемлекеттік қызметші, 21 созылмалы аурумен ауыратын адам және 1 756 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 27 сәуір аралығында "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентімен 20 228, II компонентпен 5 304 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап аймаққа "Спутник V" вакцинасының 38 200 және "QAZVAC"вакцинасының 2 000 дозасы жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика