Индердегі М.Мөңкеұлы атындағы орта мектепте стоматологиялық кабинет ашылады

 

Атырау облысында оқушылардың ауыз қуысы саулығын сақтау және стоматологиялық аурулардың алдын алу мақсатында мектептерде арнайы кабинеттер ашу жұмыстары басталды. Бұл бастама 2025-2028 жылдарға арналған жоспар аясында жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық Денсаулық сақтау және білім басқармаларының бірлескен бұйрығына сәйкес, биыл қыркүйек айында өңірдегі 8 білім беру ұйымында стоматологиялық кабинеттер ашылады. Оның төртеуі қала мектептерінде, төртеуі аудандық мектептерде орналасатын болады.

Атап айтқанда, Атырау қаласындағы №24, №33, №2 және №35 мектептерде және аудандардағы Исатай ауданындағы мектеп-гимназиясында, Индер ауданындағы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектепте, Құрманғазы ауданындағы Абай атындағы орта мектепте стоматологиялық кабинеттер өз жұмысын бастайды.

— Қазір 5 кабинет толық дайын, ал қалған 3 кабинет лицензиялау кезеңінде тұр. Кадрлық қамтамасыз ету мақсатында 8 маман жұмысқа тартылды, – деді Атырау облыстық Балалар стоматологиялық емханасының директоры Назымгүл Намазғалиева.

Мамандардың айтуынша, 2026-2028 жылдары облыс бойынша тағы 50-ге жуық стоматологиялық кабинет ашу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында 116 стоматолог пен 10 дантист жұмыс істейді. Алайда бұл көрсеткіш жеткіліксіз болғандықтан сала басшылығы білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлуде. Жоспарға сәйкес биыл 41 дантист, келесі жылы 67 маман, ал 2027 жылы 50 дантист Атырау облысындағы Медициналық колледжді тәмамдап, жұмысқа кіріспек

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT