Аудандық санитариялық - эпидемиологиялық қызметінің мәліметінше, Индер ауданы бойынша КВИ тіркелгендер саны - 343, және де 273 ошақ бар, ал сауыққандар саны - 333.
Аудандық санитария бөлімі масканы міндетті түрде тағып, арақашықтықты сақтап, таныс адамдардан басқасына вирус жұқтыру күдігімен қарап, өзіңді сақтап жүруді, дене қызуыңыз көтеріліп, басқа да белгілер байқалса, жедел түрде ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгінуді, күнделікті қалыпты жағдайға бейімделуді ескертті.
Жалпы, 1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 29 658 адам ауырған (13 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 77, көз жұмғандар – 70). Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде вирус жұқтырғандар саны - 106 984 болса, жазылып шыққандар - 101 267, қайтыс болғандар саны 1671-ге жеткен.