Атырауда қан тапсыру акциясында 200-ге жуық адам донор болды

Атырауда «Теңіз жүрегі» әлеуметтік жобасы аясында үшінші жыл қатарынан дәстүрлі қан тапсыру акциясы ұйымдастырылды. Биыл іс-шара аясында 200-ге жуық адам донор болды,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Қан тапсыру күні  ғалым Карл Ландштейнердің құрметіне орай белгіленген болатын. Сол уақыттан бері жыл сайын 14 маусым күні Донор күні тойланып келеді. Атырау облысы да қалыс калмай мерекені атап өтіп, облысымызға қарасты мемлекеттік және жекеменшік мекеме қызметкерлері, тұрғындар ерікті түрде қан тапсырып отыр.  Алынған әр тамшы қан науқастардың өмірін құтқаруға көмектеседі,- деді Атырау облыстық Қан орталығы басшысының орынбасары Самат Жолдыбаев.

Орталықтан қан мен оның компоненттерін өтеусіз негізде 35-40 реттен көп тапсырған азаматтар «Құрметті донор» атағына ие болады. Бұл мәртебе арнайы кеуде белгісімен және алғыс хатпен расталады.

- 2007 жылдан бері үнемі қан тапсырып келемін. Соның нәтижесінде бүгін алғыс хатқа ие болып отырмын. Орталыққа өз ризашылығымды білдіре отырып, тұрғындарды донор болуға шақырамын. Себебі ол өз денсаулығымызға өте пайдалы және науқастарға да көмек ұшын созған болар едік,- деді қала тұрғыны Мұрат Төлешов.

Айта кетейік, облыстық Қан тапсыру орталығына жылына 18 жастан жоғары 8000-нан астам адам донор болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT