Атырау облысында Теңіз кенішінің 25 жұмысшысы Covid-19 індетін жұқтырды

Олардың ішінде үш науқас Үндістан азаматы, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандар - кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен жұмысшылар. Атап айтқанда, науқастар - 1996, 1971, 1978, 1974, 1992, 1965, 1974, 1988, 1974, 1987, 1984, 1976, 1970, 1998, 1986, 1992, 1991, 1982, 1978, 1982, 1979, 1994, 1987 , 1992, 1972 жылы туылған жиырма бес ер адам.

Covid - ке алынған тесттен оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға жатқызылады және хаттамаға сәйкес тиісті ем алады. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің бақылауына алынды.

Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 457 адамға жетті.

Ал, аталмыш індеттен сауығып шыққандар саны - 127

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика