Атырау облысында иммундау апталығы өтуде

Атырау облысының аумағында профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарға қосымша вакцинация жүргізілуде, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

2024 жылғы 21-27 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен "Вакциналар: өткен, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін денсаулықты қорғау "ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтуде.

Іс-шараның мақсаты - иммундау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру, иммунопрофилактиканың негізгі проблемаларын анықтау және алдын алу.

"Атырау облысының аумағында вакцинациямен бақыланатын жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарды қосымша вакцинациялау басталды, - деп хабарлады ТЖ жөніндегі жедел штаб.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT