Атырау облыстық бас санитариялық дәрігерінің 15 қазандағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 қазандағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» № 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі 104-бабын басшылыққа ала отырып, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2016 жылғы 6 сәуірдегі 65-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 қазандағы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» № 68 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2 тармақта:

1) 2 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

2) ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, жабық ғимараттардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары), фудкорт, банкет залдары, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынсын;

2) 11 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

11) сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін (ондағы азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және қоғамдық тамақтану нысандарын қоспағанда), жұмыс күндері сағат 22:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы толымдылығы сыйымдылығының 30 пайызынан аспайтын жағдайда рұқсат берілсін;

3) 17 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

17) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметіне жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін;

4) 28 тармақша мынадай мазмұнда толықтырылсын:

28) ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, медициналық бетперде кию арқылы жалпы сыйымдылығы 30 пайыздан аспайтын кинотеатрлардың қызметіне рұқсат етілсін;

2. 3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3. Жексенбі және мереке күндері:

1) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды, қоғамдық тамақтану нысандарын қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

2) азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға;

4. Осы қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

5.Осы қаулы ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күннен бастап заңды күшіне және қолданысқа енгізіледі.

А. Шаров

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521