АЛТЫ АЙДА АДАМ ӨЛІМІ КӨП

Ауданда алғашқы алты айда дүниеге сәби келу көрсеткіші төмендегенімен, есесіне адам өлімі 0,7 промильге жоғарылаған.

Өлім-жітімнің басты себептерінің бірі - миокард инфарктісі, қатерлі ісіктер, жарақаттар, жазатайым оқиғалардың көптеп орын алуы, ана-мен бала денсаулығын қорғаудағы кемшіліктермен байланыстырылды. Сондай-ақ ауданда туберкулезбен аурушылық 14 адамға жетіп, өсуіне жол берілген. Жалпы бүгінгі таңда аудандық орталық ауруханада медициналық көмек көрсететін 18 жалпы тәжірибелі дәрігер және үш педиаторлық участок (1 дәрігерге 1700 адам) қызмет атқарады. Мұндағы негізгі көрсеткіштер бойынша штаттағы 67 дәрігердің орнына 39-ы ғана жұмыс істеп отырғандығы ең өзекті мәселе.

Дегенмен жаңадан тағайындалған бас дәрігер Төлеген Бауыржан халықты ауруханалық төсек орнымен қамту көрсеткішінің ауданда тым өсіп кетуіне жол берілгенін атап, азайтудың шараларын алатынын да жасырмады. Сондай-ақ ол аурухана жанындағы түрлі анализдерді алатын орындарды ұстауға көп қаржы жұмсалатындықтан, халыққа «Олимп» зертханасы арқылы қызмет көрсетудің тиімді болатынын алға тартты. Сол секілді жаңа басшы Есбол мен Өрліктегі емдеу ғимараттарындағы бос орындарды одан әрі тиімді пайдалану үшін әкімдікке беру, перзентханаға 2 трансформерлі керует керектігі жайын қозғады.

С.ХАЛЫҚОВ.

Сур: Әлеуметтік желіден алынды

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика