Жаңашыл ұстаз шын жанашыр

Жаңашыл мұғалім-жан-жақты рухани дамыған, әлеуметтік тұрғыдан кемеліне келген шығармашыл тұлға, педагогикалық әдіс-тәсілдерді кәсіби тұрғыдан жіті меңгерген, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын құзыретті маман.

Сондықтан жаңа  формация мамандарын дамыту мен жетілдіруде мектептегі әдістемелік қызметтің маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда біздің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте әдістемелік жұмыстардың міндеттерін төмендегідей сараптап көрсек дейміз.

Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінде іс-тәжірибені жүйелі зерттеу, қорыту және тарату бірден алға  шығады. Оқу үдерісінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру, мұғалімнің теориялық, пәндік және психологиялық-педагогикалық құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, жаңа білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларының түрлерін мемлекеттік білім стандарттарына енген өзгерістерге сәйкестендіре қарастырып, жүзеге асырып келеміз.

Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларымен, формаларымен және әдістерімен үйлестіре жұмыстар жүргізу маңызды. Негізі әдістемелік жұмыс үш бағытта жүргізілгенде тиімді болмақ.

Ол-инновациялық бағыт: Оған жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру және ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастыру. Әдістемелік бағытқа жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде кәсіби қоғамдастық жұмысын үйлестіру, әдістемелік конференциялар мен іс-тәжірибе алмасу семинарларын өткізуді жатқызуға болады.

Ал мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу және жалпылау бағытына: шығармашылық топтары, публикациялар, әдістемелік құралдарды енгізу жатады. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі-оқытудың жаңа технологияларын меңгеру және сабақ мақсатына жетуде оны тиімді қолдана білуі. Түрлі оқыту құралдарын қажетті жағдайда жүзеге асыра білу.

Әр сабақ бойы оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру, сабақта жаппай, топтық, ұжымдық жұмыстарды білім алушылардың қызығушылығына қарай үйлестіре жүргізу. Сабақта оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оның мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі және сабақ мақсатын айқындаудағы жүйелілікті сақтау маңызды.

 Самал БӘЙДЕШОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

 директорының орынбасары.

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика