Әскерилер оқушыларға оқу орындарын дәріптеді

Жақында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің акт залында әскери сала өкілдері жоғары сынып оқушыларын әскери қызметке шақыру бойынша үгіт-насихат жүргізді.

Алғашқы сөз кезегін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Тұрар Бражанов алып, мектеп оқушыларын әскери оқуға тарту мақсатында жүйелі білім алудың деңгейімен және жұмысқа орналасу мүмкіншіліктерін атап айтты.

ҚР Қорғаныс Министрлігінің кадрлар және әскери білім департаментінің жоғары және жоғары оқу орындарына дейінгі білім басқармасының бөлім бастығы, полковник Нұржан Балабеков жоғары сынып оқушыларына әрбір адамның Отаны алдындағы борышы, әскери есепке алу, мамандықты меңгеру және әскери қызметтен өтудің артықшылықтары мен әскердің беделіне тоқталып, қызметке шақырылу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу туралы түсініктемелер берді.

Оқушылар кездесуден жақсы әсер алып көкейлерінде тұрған сұрақтарды қойды. Әскери жетекшілер өз кезегінде сұрақтарға жауап беріп, жастардың көзінен ұшқын көріп, разы болды.

Г.ИГІЛІКОВА

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика