Шаттыққа толы балалар мерекесі

Индер ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінің саябағында 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала мекені» атты мерекелік шара өтті.

Саябаққа жиналған балаларды Индербор кентінің әкімі Шалқар Алмурзиев мерекемен құттықтады.

Шарада бүлдіршіндер ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп мерекенің ажарын кіргізіп, көрермендерге қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында шараға қатысқан бүлдіршіндерге өзінің құттықтауын жеткізген Индер ауданы білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева өнерлі өрендерді дипломдармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT