Сарбаздар мереке күні әскери ант қабылдады

2020 жылдың күзінде Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарының әскери бөлімдеріне шақырылған 600-ден астам мерзімді әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні әскери ант қабылдады.

Күзгі әскерге шақыру науқаны «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерін Қазақстанның барлық аймақтарынан жас сарбаздармен толықтырды. Алғашқы әскери дайындық бағдарламасын аяқтағаннан кейін олар мереке күні әскери ант қабылдады.

prisyaga

Салтанатты рәсімге «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Нұрлан Алдияров, қолбасшы орынбасарлары, бөлім командирлері және Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. Әскери анттың мәтінін оқығаннан кейін жас сарбаздар қонақтарға қоян-қолтық ұрыс және саптық даярлық элементтерін көрсетті.

zhattygular

«Біздің еліміз үшін айтулы күні ант қабылдау біз үшін үлкен мәртебе. Бұл бәрімізге ерекше жауапкершілікті жүктейді. Мен барлық азаматтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтағым келеді! Біз Отанымыздың игілігі үшін әскери борышымызды абыроймен орындаймыз деп сеніммен айта аламын», - деді қатардағы жауынгер Айбар Омар.

sarbazdar

Биылғы жылы карантиндік шектеулерге байланысты әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындары келіп, жас қорғаушыларды қолдап, құттықтай алмады. Алайда ата-аналары мен туыстарынан келіп түскен хаттарды олардың командирлері трибунадан оқып берді. Ант қабылдағаннан кейін әскери міндеттілер кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша жауынгерлік дайындықты бастайды. Алты ай ішінде олар артиллерияшылардың, танкисттердің, барлаушылардың, атқыштардың әскери мамандықтарын меңгеріп, толыққанды Отан қорғаушылары атанады.

shagat

Әскери ант қабылдау - сарбаз өміріндегі ұмытылмас оқиға. Олар өздерінің конституциялық борышын абыроймен орындауға, ата-аналарының, халқының және ел Президентінің сенімін ақтауға дайын екендігін көрсетеді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы өз кезегінде сапалы қызмет ету үшін, сарбаздардың жаңа мамандықтарды игеруі, спортпен жүйелі түрде айналысу үшін барлық жағдайларды жасауда.

Атырау гарнизонының баспасөз қызметі

Байланыс: + 7-777-641-11-72

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521