Оқушылар мектепке өздеріне ыңғайлы киіммен келе алады

Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Орта және жоғары білім беруге қатысты маңызды сұрақтар туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқушының ауырып қалуы немесе науқас адамдармен байланысты болуы сияқты ерекше жағдайларда ата-ананың өтініші негізінде оқушылардың қашықтық форматта оқу мүмкіндігі бар. Аралас оқу форматына көшкен кезде санитарлық талаптар сақталуы керек. Білім басқармалары, білім бөлімдері және мектеп басшылары әр мектепте санитарлық талаптардың қатаң сақталуына көңіл бөлуі керек. Екіншіден, барлық білім беру процесіне қатысушылардың бәрі жеке бас гигиенасын сақтау бойынша санитарлық талаптарды қатаң сақтауы керек», - дейді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, ата-аналар тарапынан үлкен қолдау жұмысы керек.

«Оқушылардың жас ерекшеліктері, физиологиялық, психикалық дамуы ескеріліп, ата-аналар балаларына жеке гигиена, санитарлық талаптарды сақтау бойынша үнемі айтып отыруы керек. Оқу жылының басында толық оқу жылы бойы мектеп формасын сақтамау туралы шешім қабылданған болатын. Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне ыңғайлы, таза, ұқыпты киіммен баруларына болады», - дейді ол.

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика