ОҚУШЫЛАР ЭКСКУРСИЯҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

«Менің Отаным – Қазақстан» жобасы аясында аудандағы жалпы білім беретін он бес мектептің көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан 10-14 жастағы оқушылары Нұр-сұлтан қаласында демалып келді.

Әр мектептен бір-бірден жолдама алған балалар үш күн бойы еліміздің бас қаласының көрікті де тарихи орындарымен танысты. Айта кетейік, бұл облыстық кәсіпкерлерті индустрияландыру және инновация басқармасы мен білім басқармасының бірлескен жобасы.

-Оқушылар үш күн бойы Нұр-сұлтан қаласының керемет жерлерінің куәсі болды. Тарихи орындарды өз көздерімен көріп, саналарына сіңірді. Экскурсия Назарбаев орталығынан бастау алып, кейін «Атамекен» этно-мемориалдық кешені мен әскери-тарихи, ұлттық музей, Есіл жағалауына, «Ailand» океанариумі, Елордаға тарт етілген Атырау көпіріне, Хазірет Сұлтан мешітіне, «Бәйтерек» монументі, «Нұрәлем» павильоны секілді орындарға саяхат жасаумен жалғасын тапты. Ол жақта білімді мамандар дәріс оқып сол орындар жайлы мағлұмат берді. Оқушылар өте жақсы әсер алды,-дейді оқушылардың саяхат жетекшісі Жанар Бексұлтанова.

aass1

Ал демалушылардың бірі – М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы Іңкәр Нұрғалиева саяхат кезінде көптеген ақпараттармен жіті танысқанын, алдағы уақытта осы ақпараттарды мектепте түрлі жарыстарға қолданатынын айтып ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Сонымен бірге, «Атамекен» өлкетану жобасы аясында осы бағытта ғылыми жоба қорғап жүрген 12 оқушы Жылой ауданы, Ақмешіт қорымына, ал аз қамтылған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан 11 оқушы Батыс Қазақстандық айналмалы туристік экскурсияға жолдама алды.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT