JasUp жобасы аясында өңірдің бес мектебіне робототехникаға арналған жабдықтар берілді

  Тұрғызба, Қосшағыл, Ақкиізтоғай ауылдары мен Құлсары қаласындағы №2, 4, 8, 10 және 22 мектептерге робототехникаға арналған Arduino жиынтықтары, сондай-ақ робототехника жарыстарында қолданылатын арнайы алаңдар табысталды.

Бұл жабдықтар JasUp жобасының курстары мен турнирлеріне белсенді қатысқан немесе қажетті техникасы болмағандықтан мұқтаждық танытқан мектептерге берілді. Жаңа құрылғылардың арқасында аталған білім ордаларында қосымша үйірмелер ашылып, мастер-кластар ұйымдастыру мүмкіндігі артады, ал оқушылардың түрлі сайыстарға қатысуға жолы кеңейеді.

JasUp жобасы ТШО компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT