Ауданның 15 білім беретін мектебінде «Білім күні» аталып өтті.
Жаңа оқу жылын аудан бойынша 6500-ге жуық оқушы бастағалы отырса, оның ішінде 618 оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндер.
Биылғы алғашқы қоңырау салтанатының ерекшелігі 1 қыркүйекте 1 сынып оқушыларына арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтсе, 2 қыркүйек күні 2-10 сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. 1 қыркүйек – Білім күніне орай Елтай ауылындағы М.Сиранов атындағы орта мектепте салтанатты жиын өтіп, 1 сыныпқа баратын 41 оқушы мектеп табалдырығын аттады.
Күрделі жөндеуден өткен Мұқанғазы Сиранов атындағы орта мектеп оқушылары мен ұстаздарын аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев Білім күнімен құттықтады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева да оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Шара аясында 1 сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер құттықтау өлеңдерін оқып, «Жас дәуірдің түлегіміз» деп ән салды. Алғашқы қоңырау сыңғыры сабақтың басталғанынан хабар беріп, оқушылар партаға жайғасты
Ж.НАРИМАНОВА