Грант ұтпағандарға не істеуге болады: бұрынғы министр талапкерлерге әлі де мүмкіндік барын айтты

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов грантқа ілікпей қалған талапкерлерге әлі де мүмкіндік бар екенін айтты. Бұл туралы қазіргі депутат Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

Асхат Аймағамбетов грант бойынша парақшасындағы пікірлер арасында, жеке шығып та көп сұрақ қойылып жатқанын атап өтті. "Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады. Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді. Үшіншіден, "Қазақстан халқына" қорының гранттары тағы бар. Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады", - деп жазды экс-министр. Сонымен қатар ол университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болатынын айтты. 
Асхат Аймағамбетов грант бойынша парақшасындағы пікірлер арасында, жеке шығып та көп сұрақ қойылып жатқанын атап өтті.

"Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады.

Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді. Үшіншіден, "Қазақстан халқына" қорының гранттары тағы бар. Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады", - деп жазды экс-министр. Сонымен қатар ол университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болатынын айтты. 

Асхат Аймағамбетов талапкерлерге мүмкіндіктер өте көп екенін жеткізіп, қосымша мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керектігін айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз