Фарида - республика жүлдегері

Өткен аптада Аққала орта мектебі ұжымын орасан зор қуанышқа бөлеген оқиға болды.

4 сынып оқушысы Ораз Фарида 27- 29 қаңтар аралығында Щучье қаласында, "Балдәурен" РОСО базасында "Зерде" зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың XV Республикалық байқауына қатынасып, І орын иеленді.

1 - 7 сынып оқушылары қатынасқан байқауды ұйымдастырушы "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы болып табылады. Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

a

«Озат оқушымның республикадан І орын иеленуі – үлкен жетістік. Фарида «Медицина және психология» секциясы бойынша «Жазу және мінез-құлық» тақырыбындағы жобамен қатынасты. Болашақта да үлкен жетістіктерге жететініне сенімдімін»,-дейді жүлдегер оқушының жетекшісі, Аққала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кабдирова Бақтыгүл.

Қазіргі жаһандану заманында белсенді, құзіретті, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу – алға қойған басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру әсіресе оқу, білім саласында қызмет атқаратын жандар –ұстаздар үшін ең маңызды мәселе.

Гүлнафис ЕСҚАЛИЕВА,

Аққала орта мектебі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT