Білім додасы басталды

Бүгін аудан мектептерінде оқушылардың біліктілігі мен білімін бағалайтын мектепішілік пәндік олимпиада басталды.

Дарынды және талантты оқушыларды анықтап, танымдық қызығушылықтарын дамыту мақсатындағы білім додасы екі күнге созылады.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жеңісұлы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде болып, оқушыларға сәттілік тіледі. Білім бөлімінің әдіскерлері әр мектепке бақылау жүргізіп, жіті қадағалауда. Жалпы бұл білім додасына 8-11 сынып оқушылары қатысып, негізгі пәндер бойынша білімдерін дәлелдеп, бақтарын сынайды.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Әсел Сарғойшина: «Бүгінгі олимпиаданың бірінші, яғни мектепішілік кезеңі басталып кетті. Ертең әр мектептен оқушылардың жұмыстары комиссия құрамымен сараланып, үздіктері бөлімге жолданылады. Екінші аудандық кезеңге жолдама алған оқушылар өз мектептерінің намысы үшін күш салмақ» дейді тілдескенімізде.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT