Ауданның үздігі анықталды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығына сәйкес арнайы «Үздік педагог» атағын беру туралы қағида және оны түрлі деңгейде өткізетін конкурстық комиссиялар құрамы бекітіліп, іске кірісті.

Тиісінше мұндай бұйрық аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі бойынша да шығып, бөлім басшысы Орынша Ділмұқашева басқаратын құрамында 15 мүшесі бар конкурстық комиссия құрылды. Аталған комиссияның отырысы қазіргі талапқа сай онлайн негізінде өтіп, алдымен комиссия мүшелері өздеріне қойылатын талап және қағидамен танысты. Комиссия мүшесі, салалық бөлімнің әдіскері Тұрсынай Әренова аудандағы барлық мектеп пен қосымша білім орындарына республикалық конкурстың талаптары арнайы жіберіліп, нақты ұсыныстар күтілетіні ескертіле тұрса да осы уақытқа М. Әуезов атындағы орта мектептің директоры, білікті ұстаз Роза Қабышқызы Дәулетованың ғана құжаттары түскенін хабарлады. Конкурсқа қатысушы тиісті қағидаға сәйкес тоғыз түрлі негізгі құжаттарда арнайы үлгіде толтырып, арнайы оқыту тіліндегі портфолие және жыл сайын тақырыбы министрлік анықтайтын эссе тапсыруға тиісті болса, мұндай талаптар М.Әуезов атындағы орта мектеп өкілінде сақталғаны атап көрсетілді. Ал конкурс мүшелері әр талапты балл бойынша бағалай отырып, онлайн талқылау барысында бірнеше ескертпелерді де айтып өтті. Әлденеше сұрақтар қойылып, оған салалық бөлім басшысы жауап қайтарып отырды. Сөйтіп, қызу талқылау барысында республикалық конкурстың келесі облыстық кезеңіне аудандық деңгейден «Ы.Алтынсарин белгісінің» иегері, білікті ұстаз ұйымдастырушы Роза Дәулетованың құжаттары қолдау тауып, облыстық комиссияға ұсынылды. С. ХАЛЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521