Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі бірдей білім ошағы пайдалануға берілді. Олар: Алмалы ауылдық округіне қарасты Береке ауылында 1200 орындық және Сарыөзек шағын ауданында 300 орындық мектеп. 2024 жылдың соңына дейін «Жұлдыз-2» шағын ауданында 900 орындық және Водниково ауылында 1200 орындық жаңа мектеп ашылады деп күтілуде.
Атырау облысында 200 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде 199 мемлекеттік, 11 жекеменшік, 138 қазақ тілінде, 4 орыс тілінде, 58 аралас мектеп және кешкі ауысымдағы бір мектеп бар. Демографиялық көрсеткіштердің қарқынды өсіп, оқушылардың саны артуына байланысты облыста білім беру нысандарын көбейту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары 12 мектептің құрылысы жоспарланған болатын. Бұл бастаманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және Білім министрлігінің бұйрығымен «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ жүзеге асырып отыр.