«Нұра» ауданындағы Е-535 көшесінде орналасқан №100 жаңа мектеп 2 000 оқушыға арналған. Астана әкімдігі Telegram-каналының хабарлауынша, мектептің жалпы ауданы 23 мың шаршы метрді құрайды. Білім беру мекемесінде заманауи кабинеттер, 450 орындық акт залы, 130 адамға арналған асхана, физика, химия және биология зертханалары, сондай-ақ 4 спорт залы бар. «Бұл мектеп өзінің материалдық-техникалық базасымен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда мектепке 500-ге жуық оқушы қабылданды», - деді мектеп директорының міндетін атқарушы Мұрат Ахметов.
Астанада он алтыншы «Жайлы мектеп» ашылды
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 17
