5 мың білім грантына кімдер үміткер бола алады?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары 5 мың білім грантына қалай ие бола алатынын айтты.

Министрдің сөзінше, білім гранттары биыл 1 қыркүйектен бастап бөлінеді. "Негізгі талаптар: талапкер ҰБТ тапсыруы, шекті балдан өтуі, көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан балалар болуы тиіс. Осындай балалар 5 мың грантқа үміткер бола алады",- деді Аймағамбетов. Министр биыл бөлінген 53700 білім гранты талапкерлерге берілгеннен кейін ғана ең алдымен осы 5 мың грант үлестірілетінін айтты.

"Алдымен осы гранттарды бөлу жүргізіледі. 1 тамыздан кейін грант тізімі белгілі болады. Грантқа ілікпеген осы санатқа жататын талапкерлер 5 мың грантқа өтініш жаза алады. Тест тапсырып, шекті балл жинап, өтініш жазып, содан кейін жинаған балына сәйкес грант бөлінеді",- деді білім және ғылым министрі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Ол гранттарды бөлуде ешқандай сыбайлас жемқорлық қаупі жоқ деп сендірді.

26 маусым күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлуді тапсырған болатын.

Сурет: Ашық дереккөз

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика