Президенттің Жолдауында айтылған денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған бастамалар – біз үшін қуанышты жаңалық. Дәрігер ретінде халық денсаулығын жақсартуға арналған жаңа мүмкіндіктерді, медициналық кадрларды қолдауға бағытталған шараларды ерекше бағалаймын. Заманауи жабдықтар, алғашқы медициналық көмекті күшейту, ауыл медицинасын дамыту – сапалы қызмет көрсетудің басты кепілі.
Жолдауда көрсетілген міндеттер медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттырып қана қоймай, өз мамандығымызға деген құрметімізді күшейтеді. Біз де халық игілігі үшін адал қызмет етіп, денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге үлес қоса береміз.

