Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада үздік шаштараз анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада «Үздік-2025» жобасы аясында қалалық «Үздік шаштараз» байқауы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

Астана әкімдігі

«Үздік-2025» жобасы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және жастардың кәсіби әлеуетін ашуға бағытталған. Байқау барысында шаштараздар тек өз шеберлігін емес, сондай-ақ мінезін, стилін және адамның көңіл күйімен жұмыс істей білу қабілетін көрсетті.

— Шаштараздың жұмысы нәзік талғамды, талантты және адамдарға мұқият қарым-қатынасты талап етеді, — деді қатысушылардың бірі. 

— Біз өте жоғары дайындық деңгейін көрдік. Жас шеберлер батылдық, креативтілік және өз кәсібін терең меңгергенін көрсетті. Біздің мақсат — тек үздікті анықтау емес, жастарды өздерін дамытып, күшіне сенуге шабыттандыру. Жалпы, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елордада 15 байқау өткізу жоспарланған. Барлық іс-шараның қорытындысы ай соңында жарияланады, — деді орталық маманы Алуа Балтабаева. 

 

Бұл кең ауқымды бағдарлама жас мамандарды қолдауға, олардың жаңа мүмкіндіктерін ашуға және қазіргі қоғамдағы жұмысшы мамандықтардың маңызын атап өтуге бағытталған. Байқау тәжірибе алмасудың, тың идеялар мен шығармашылық шешімдердің алаңына айналды.

 

Осыдан бұрын Астанада жасанды интеллектінің көмегімен жасалған алғашқы спектакль қойылғанын жазғанбыз.— Шаштараздың жұмысы нәзік талғамды, талантты және адамдарға мұқият қарым-қатынасты талап етеді, — деді қатысушылардың бірі. 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT