Президенттің Жолдауында цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөлінуі – заман талабы. Қоғамның барлық саласына цифрлық технологияларды енгізу қызмет сапасын арттырып, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етеді. Әсіресе, мемлекеттік қызметтерді толық цифровизациялау – халықтың уақытын үнемдеп, ыңғайлы орта қалыптастырады.
Цифрлық инфрақұрылымды күшейту, интернеттің қолжетімділігін арттыру, жасанды интеллектті енгізу – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды қадамдар. Жолдауда белгіленген міндеттер цифрлы экономика қалыптастыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және әр азаматқа жаңа мүмкіндіктер ұсынуға жол ашады

