Заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы заңнамалық актілерді «Жасанды интеллект туралы» Заңмен сәйкестендіруге бағытталған.
Түзетулердің екінші блогы заңнаманы өзге мәселелер бойынша жетілдіруді көздейді.
Заң қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымын реттейді. Бұған дейін қамтамасыз етілмеген цифрлік активтердің айналымы тек «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында ғана рұқсат етілген еді.
Азаматтардың жеке деректерін қорғау амалдарын күшейту мақсатында жеке деректерді өңдеуге келісім беру мерзіміне қатысты талап енгізілді. Енді бұл мерзім жеке деректерді жинау және өңдеу мақсатына жету үшін қажетті мерзімнен аспауға тиіс. Субъект немесе оның заңды өкілі иесін, операторды, үшінші тарапты ескертіп, жеке деректерді жинауға,
өңдеуге берген келісімін қайтарып алуға құқылы.
Ішкі бөлшек сауда субъектілері үшін идентификациялық құралдарды оқитын бақылау-касса машиналарын пайдалану арқылы операцияларды есепке алу жөнінде талап қоя отырып, тауарларды таңбалау механизмі жетілдірілді.
Бірқатар түзетулер нәтижесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары күшейтілді.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
t.me/aqorda_resmi

